25.02.2020, 15:47
Қараулар: 125
«Кола» ішіп жүргендер, айран қадірін біле ме?

«Кола» ішіп жүргендер, айран қадірін біле ме?

Ата-бабаларымыз шөлдегенде шалап қылып шөлін басқан, қарны ашқанда тағам еткен,қажетіне қарай тұрмыста талай іске қолданған кәдімгі айранның қасиеттерін білеміз бе? Жасыратын жоқ, соңғы кездері осы киелі сусынның үстел үстінен ысырылып, орнын басқа сусындар басып келе жатқандығы өкінішті.Десек те оның адамға пайдасын, қадір-қасиетін айтып отыру,артықтық етпес,сірә.

Айран ас қорыту жүйесін реттейді.Жара мен күйіктерге де пайдалы,айранда көзге қажетті «А» витамині бар,құрамындағы ақуыз адамның күшін арттырады.Ал күнделікті тағам мәзіріне пайдалану арқылы пайдасы шаш етектен.Тіпті сәбидің сүйектері жетілу үшін онда «Д» витамині бар болу себепті беріп отыру абзал.Тағы бір қасиеті адам ішегін уланудан сақтайды,шіру процесін тежейді.Ішектің тіндерін емдеп,адамның ағзасына түсетін микробтарға қарсы тұрады.Әлдеқалай ауру болса, оның асқынуынан сақтайды, жұмыс істеуін қамтамасыз етіп,микрофлорасын жақсартып отырады.Бет терісіне де пайдалы.Диетологтардың айтуынша  соңғы кездері айран адамды арықтату үшін қолдануда. Ертеде әйел адамдар бастарын айранға жуып,шаш түсудің алдын алған.Ал ер адамдар малдың терісін өңдеу үшін айранды пайдаланған.

Өкінішке орай,дүкен сөрелерінде кәдімгі айранды табу қиынның қиыны. Айранның орнында айлап тұрса да бұзылмайтын айран тектестер алмастыруда.Саны мен түрі көп заманауи сусындар айранды шетке ысырып шығарды. Бұған өзіміз де себепкерміз.Кәдімгі үй жағдайында жасалатын айранды місе тұтпай,дүкеннің тәттілендірілген айранын алуға құмартып тұратынымыз тағы бар.Оның қоспасының өзі сондай,ішіп тұрғаның ақ па әлде тәтті сұйықтық па білмей қаласын.Әйтеуір сыртында пайызы көрсетілген «Айран» деген сөзді оқисыз,қалған нұсқаулығы өте ұсақ әріппен жазылатындығы сондай,тіпті оқуға да ниеттенбессің.

Айран өңдеудің технологиясын жақсы білетін Клара әжей:Айранды жасауға сүт қолданылады.Мысалыға сүтті қайнатып,оны суыту қажет.Содан соң оған,бұған дейінгі айраннан арнайы қалдырылған«ұйытқыны»көбейтіп,сүтке езіп қанжылым тұрған сүтке қосады да жылы жерге жауып қояды.Жарты сағаттан соң оның ұйығандығын қарап алып,ыдысымен салқын жерге орналастырады. Бірақ, қазіргі күні әйелдер оны қиынсынып, дүкендегі айрантектесті немесе газдандырылған, тәттілендірілген сусындарды тұтынады.

Иә,айран,көженің орнын газдандырылған сусындар басып,олар күнделікті ішіп -жейтін тағам түрлерінің ажырамас бір бөлігіне айналды.Тұтыну мөлшері өсіп,әсіресе жастар мен балалар көп сатып алуда.

Мән беріп қарасақ, сусындардың түрі көп. Пайдалысы да бар. Бір сусындар-табиғи минералды сусындар деп саналады. Олар жер асты минералды бұлақтан алынады.Мысалыға айтсақ,«Нарзан»,«Боржоми» және емдік минералды сусындар дәрігердің тағайындауымен пайдаланылады.Олар «Есентуки №4»,«Есентуки №17» т,б.

Тағы бірі-газдандырылған алькогольсіз сусындар.Десек те,олардың адам ағзасына тигізер қауіп қатері де жоқ емес.Айта кетсек,«Coco-CoIa»,«Спрайт»,«Фанта»сусындары қазіргі күні тағам өндірістерінің нағыз қарқынды дамуына себеп болуда.Олар дүние жүзінде өндірілген тауардың тез әрі көп партиясымен сатылатын көрсеткішке ие болуда.

Аталған сусындардың ең басында CoIa тұр.«Coca-CoIaны» айтсақ,құрамында қант,көміртек диоксиді (Е 290),бояғыштар,қант колері ( Е150) кармазин(Е122),ортофосфор қышқылы(Е338) және кофеин бар екен.Емхана жанындағы салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері Сатыпалды Сағидуллиеваның айтуынша адам ағзасына осы қоспалардың зияны өте көп.Дәмдеуішімен тіл үйірер сусынынды мөлшерден тыс пайданаушыларда ең алдымен қант диабеті,қан қысымының жоғарылауы,жүрек талмасы,асқазан,бүйрек аурулары пайда болады екен.Ол бірден ауруға шалдықтырмайды,бірақ біртіндеп адамның ағзасын улап,ең соңында ауру жамап береді. Ал бұған дейін кейбір ағзаларда осы колаға деген «тәуелділік» пайда болады.Байқағанға бұл да аурудың бір түрі.Айтпағымыз сол,пайдасынан гөрі зияны көп сусыннан аулақ болайық.

Айсұлу Муса