20.04.2020, 11:04
Қараулар: 184
Арсен ұтқан грант

Арсен ұтқан грант

Жан-жақты да, ізденімпаз жасөспірім Арсен Жаньяровтың есімі ауданымызға кеңінен танымал. Өзі әнші, өзі компьютермен жұмыс істеудің білгірі, үнемі өзін-өзі жетілдіріп жүретін ол осы күнге дейін айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп үлгерді. Ерекше дауысқа ие Ержан аудандық саз мектебі өнерпаздарымен түрлі ән конкурстарына қатысып, жүлделі орындардан да көрінді. Арсеннің компьютерге ерекше икемді екенін қасында жүрген сыныптастары жақсы білетін. Әсіресе, мультфильмдердің жасалу жолы оны ерекше қызықтыратын. Анасы Гүлдананың ноутбугымен Интернет әлемін шарлап, анимация, компьютерлік графика мен дизаинға қатысты мәліметтерді қызыға оқып, жадына түйіп жүрді. Осы бағытта компюьтерде мультфильмдердің графикалық дизаинын жасап та көрді. Тынымсыз іздену арқылы өзінше тәжірибе жинады, ой түйді, қорытынды шығар білді. Жасаған еңбектерін түрлі конкурстарға жіберіп те көрді. 2018 жылы Алматыда өткен 3D анимация және 2D арт және архитектрура шеберлерінің «BeSt 3 D-Animation fnfksvs ,jqsyif» атты конкурсына қатысып ІІІ орынды иеленіп,сыйлыққа Lenovo Tab 4 Plvs 10 планшетін алып келді.Алғашқы жеңісі қанаттандырған ол Қостанай қаласында өткен осындай бағытағы конкурстан І орынды қанжығасына байлап қайтты. Ізденген адам мұратқа жететінін түсінген ол осы бағыттағы қызғушылығын одан әрмен үстеп комьютерлік графиканың қазіргі заманғы технологияларын жетік меңгеруге тырысты.Ол компьютерлік графиканың ойлау қабілетін дамытуға, кеңістіктікті қабылдауға, суретшілік стилді жетілдіруге зор мүмкіндік беретінін түсінді.Ал компьютерлік анимация арқылы Арсен қызыққан компьютерлік  суретке бір сөзбен айтқанда жан бітіру екендігін меңгере алды. Қазіргі таңда компьютерлік жасау құралдарының көмегімен дербес компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі аз адамдардың да мұны игеріп кете алатынын ол алдымен өзіне дәлелдей білді. Бұл жолда анимацияны бірінші болып жасаған әйгілі Уолт Диснейдің шығармашылық жолы  оны айрықша қызықтырып, құпиялы әлемге жетелегені рас еді.

Шығармашлық ізденісін шыңдап жүрген ол осы жылдың наурыз айында Орал қаласында Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінің қабырғасында мектеп оқушылары арасында өткен «Білімді ұрпақ-ел болашағы»  облыстық байқауында бағын сынап көрді. Бұл байқаудың басты жүлдесі-IT  және техникалық білім беру бағдарламаларына университетте тегін оқу құқығын беретін грант болатын.  «Diqital art- 2020» конкурсының алғашқы турына қатысушылардың біреулері слайд жасау шеберлігін көрсетсе, бірқатары суретті көркемдеумен көрінген, ал мен графикалық дизаинмен мультфидьм жасап жіберген болатынмын.Бірінші турдан өтіп, екінші турда жеңімпаз атанып осы университетке түсуге грант ұтып алдым. Амандық болса графикалық дизаин мамандығына оқығым келеді»,-дейді қуанышы қойнына сыймаған  Арсен. Негізі Арсеннің осы бағыттағы құлшынысын қолдап, талабын ұштауға ата-анасы Ержан мен Гүлдананың үлкен қолдау-көмек көрсеткенін атап өткен жөн.

Өз еңбегімен ұтып алған бұл грант талап иесіне жүрегі қалаған бағытта терең білім алуына, одан әрмен ізденіс көкжиегін кеңейтуге үлкен мүмкіндік ашатынында сөз жоқ.

Гүлшат БОТАНОВА