2.03.2020, 10:32
Қараулар: 232
     Абай мұрасы ұлықтала бермек 

     Абай мұрасы ұлықтала бермек 

        2020 жыл Қазақстан Республикасы мен Қазақ халқы үшін маңызы зор жыл болмақ. Атап айтсақ, Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы сынды көптеген  шаралар жоспарланып, өткізілуде.

«Абай тойы дегеніміз – Абайтану» деген сөз. Абайтану дегеніміз, Қазақтану деген сөз. Біз Абайды тану үшін әуелі Абайды оқуымыз керек, түсінуіміз керек, түбіне терең бойлауымыз керек. Абай арқылы қазақтың өткені мен болашағын білуге болады. Қазақ дегенде Абайдың өмір сүрген заманы XIX ғасырдағы қазақ пен бүгінгі XXI ғасырдағы қазақтарды қатар танимыз. Айналып келгенде Абайтану дегеніміз шын мәнісінде қазақтың өзін-өзі тануы деген сөз.    

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен таныса отыра, онда айтылған ұтымды ойларымен келісемін.Өйткені қазақ елінің ақыны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар қазақ бақытты, Абайы бар елдің мерейі үстем болады деп ойлаймын. Абай мұрасын терең танып-білу әр ұрпақтың міндеті.  Абайдың 175 жылдығы аясында көптеген  облыстық, аудандық, колледжішілік шаралар оздырылуда. Осы орайда колледж жастарының Абайды оқып, танып білуге деген ынталарының жоғары екендігін айта кеткен жөн.

 Жуырда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының этнос жастары арасында өткізілген  «Тіл — достықтың айнасы» атты Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасында колледжіміздің студенті Андреева Регина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жұлдегер атанды.

 «Әл-Фарабидің ғылыми-зияткерлік мұрасы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Әл-Фараби жаратылыстану ғылымында» бағыты бойынша колледжіміздің студенті Хайруллин Ильяс ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.   

 Абайдың 175 жылдық мерейтойын рухани тұрғыдан дамуымыз үшін, болашақ ұрпақтың мәңгі жадында қалуы үшін атап өту ерекше маңызды.  Абай туындылары қай кезде де болмасын құндылығын жоғалтпайды. Ұлттық мүддемізді ұлықтап, Абайды терең тануға баса мән беру әрбір Қазақстан азаматының парызы болып қала бермек.

 

Серікбай ЖҰМАҒҰЛОВ,

 Шыңғырлау колледжінің директоры