19.11.2019, 9:50
Қараулар: 282
Әйгерімнің әйбат жеңісі

Әйгерімнің әйбат жеңісі

Жеңісті жылдарын боз кілемнің үстінде жалғастырып келе жатқан жерлесіміз, республика чемпионы, қазақ күресінен спорт шебері Әйгерім Телемгенованы аудан, облыс көлемінде білмейтіндер некен-саяқ болар. Қаршадайынан қазақ күресіне ынта қойған Әйгерім мектеп қабырғасынан-ақ бапкерлеріне үміт сыйлағанды. Күресу техникасын, айла-тәсілін жетік меңгерген ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғашқы жеңістеріне қол жеткізген еді. Одан әрмен Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебіндегі жаттығулар да өз жемісін беріп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.

Енді міне, Қызылорда қаласынан сүйнішті хабар жетті. Тәжірибелі спортшы қызымыз осы қалада қазақ күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында  52 келі салмақтағы белдесулерден соң мерейі үстем болып, күміс жүлдегер атаныпты.

Спорт бәсекесінде тағы да бағы басым түскен Әйгерімді жеңісімен құттықтаймыз!

Гүлім Шынтас