2.11.2020, 16:18
Қараулар: 60
«Ұлттық спорт төрешісі» атағына ие болды

«Ұлттық спорт төрешісі» атағына ие болды

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, ауданымыздың мақтанышы Қайсар Құсайыновтың есімі аудан, облыс, республикаға да кеңінен мәлім десек артық болмас. Саналы ғұмырын спорт саласына арнап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген Қайсар Сайынұлы талай мәрте еліміздің көк байрағын түрлі сайыстарда биікке көтерген болатын.

Осы орайда, самбо күресінен әлем   чемпионаттарының екі дүркін чемпионы, республикалық сайыстардың төрт дүркін чемпионы Қайсар Құсайыновқа Қазақстан Республикасының «Ұлттық спорт төрешісі» атағы берілді. Аудан көлемінде тұңғыш рет ұлттық төреші атағына ие болған жерлесіміз ендігі кезекте республикалық чемпионаттарда төрешілік ете алатын болады.

Кез-келгеннің уысына түсе бермейтін бұндай атаққа жерлесіміздің маңдай тері мен аянбай еткен еңбегінің арқасы, спортқа деген зор сүйіспеншілігі мен жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеп, спортта елеулі жетістіктерге жетуінің нәтижесі. Қайсар Сайынұлын  бұл атағымен біз де құттықтай отырып, түрлі сайыстардан жүлделі орындар мен оның атағын шығаратын шәкірттері әлі де көп болсын деп тілейміз!

Аман ІЗМҰХАН