19.11.2019, 9:55
Қараулар: 494
Спортшылар қайырымдылық жасады

Спортшылар қайырымдылық жасады

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Шыңғырлау спорт клубы» КММ қолдауымен  «Жастар жылы» аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында «Мейірбандылық –жүректен, қайырымдылық -білектен» атты волейболдан мекемелер және  ауылдық округтер арасында аудандық турнир өткізілді.
Турнирдің ашылуында аудан әкімінің орынбасары А. Бисембаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Волейбол бәсекесіне келген командалар  ойын өрнегін көрсетіп қана қоймай, өздері жинаған ақшалай қаражатты қайырымдылық қорына табыс етті.

 Жарысқа 10 команда  қатысып,  бақтарын сынады. Жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Комтехсервис», ІІ орынды «Алмаз жастары», ІІІ орынды «БЖСМ» командалары иеленді.
Ойын барысыенда Саматов Әлихан –«Үздік ойыншы», Құрманғалиев Серікқали –«Үздік қорғаушы», Ермекбаев Мұрат –«Үздік байланыстырушы»,
Бұлғанбаев Сахыпкерей –«Үздік шабуылшы» амалымдарымен марапатталды.

Гүлім Шынтас