16.11.2020, 15:04
Қараулар: 23
Спорттық киімдерді сыйға тартты.

Спорттық киімдерді сыйға тартты.

Аудан тұрғындары, спорт жанашырлары, жеке кәсіпкерлер  Бауыржан Жантлеуов  пен Серік Багаутдинов  ауданымыздың балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұлдар волейбол үйірмесінің спортшыларына демеушілік көрсетіп, 10 дана спорттық киімдерді сыйға тартты.

Волейбол үйірмесінің спортшыларының ойын өрнегіне қанық, әрі үнемі жанкүйер болып келе жатқан мәрт жерлестеріміздің бұл сыйлығы жасөспірімдерге үлкен жігер, жеңістерге деген құлшыныстарын оятқанында сөз жоқ.

Су жаңа спорт киімдеріне ие болған жасөспірімдер мен үйірме жаттықтырушысы Н. Бижанов демеуші ағаларына алғыстарын жаудырып, мәре-сәре болып қалды. Аудан спортының дамуына тырнақтай болса да үлесімді қоссам деп жүрген осындай азаматтар  тірлігі көпке үлгі болып, спорт жанашырлары көбейіп жатса нұр үстіне нұр болмақ!

                                                                                              Абай Айдынғалиев,

Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері