1.02.2020, 11:40
Қараулар: 66
Асық атып жарысты

Асық атып жарысты

25 қаңтар күні аудандық БЖСМ залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлер арасында бес табан, әйелдер арасында бес асық атудан аудандық ашық турнир  өтті. Мақсаты-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын халыққа кеңінен тарату, салауатты өмір салтын насихаттау және аудандар арасында қарыс-қатынасты нығайту. Турнирг Орал қаласы, Ақжайық және Бөрлі ауданының командалары, Шыңғырлау ауданының командасы, аудандық «Намыс», Ащысай ауылдық округі және Шыңғырлау ауданының 2-ші командасы қатысты.

Қызықты өткен турнир барысында әйелдер арасында І орынды Д. Бекмағамбетова (Ақжайық ауданы), ІІ орынды А.Хасанова (Бөрлі ауданы) мен ІІІ орынды А.Нагибаева (Ақжайық ауданы) жеңіп алды. Ал, ерлер арасында С.Магеланов (Ақжайық ауданы)-І , Ш.Рахым (Ақбұлақ а/о)-ІІ, А.Кабулов (Бөрлі ауданы)-ІІІ орындарды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша Ақжайық –І, Шыңғырлау-ІІ, Шыңғырлау «Намыс» командасы-ІІІ орындардан көрінді.

Өрнекті ойын көрсеткен Е.Өтеғалиев (Бөрлі ауданы) пен М.Кушумов (Ақжайық ауданы) «үздік ойыншы», «сұрмерген» аталымдарына ие болды. Жеңімпаздар Шыңғырлау спорт клубы атынан дәрежелі дипломдармен, медальдармен, кубокпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Шынар Жолдыбаева,

әдіскер