13.06.2020, 17:44
Қараулар: 133
Үлкендердің ризашылығын алған келін

Үлкендердің ризашылығын алған келін

«Әйел адам қаншама данышпан, ақылды болса да отбасынсыз, жұпсыз ол бәрібір бақытты деп айта алмас едім. Тіпті әйелдің мінезсізкүйеуі болса да ол әйеліне бәрібір қорған» -дейді Ақбұлақ ауылдық округі әкім аппаратының әдіскері, әрі әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Қаленова. Ұл-қыз өсірген қамқор ана, әркез жан-жарының қас қабағынан айтпай түсінетін, жағдайын жасап отырған сүйікті жар. Айгүлдің адамдармен тіл табыса білетін кішіпейілділігі тумысынан бойында.  Бақытты отбасының кілті неде деген сұраққа жауап беретіндей жағдайда өмір сүріп келе жатқан бақытты келіншек деп айтуға тұрарлық.

Өзі он баланың кенжесі. Өмірлік жары Мейрамбаймен 1992 жылы бас қосып, Базарбай Қаленовтың шаңырағына келін болып түседі. Үлгілі келін атанғанша біраз сыннан да өткен.Талай қиналған сәттері де болған. Бірақ төзімділігі, шыдамдылығы, осы жылдар ішінде ата-енесінің ризашылығын алуға, үлкен шаңырақтың берекесі болуға қол жеткіздірген.Қайын енесі Үміт 40 жылдай көзі көрмеседе сөзге шешен, әдебиетке жаны құмар, мінезі қаталдау, темірдей тәртіпті сүйетін жан болған. Десе де келініне ақ батасы мен ризашылығын аямапты. Жақсы келін болуына анасының да үлесі зор.Үнемі қызына: «Еркелігіңді өз үйіңнің босағасында қалдыр, қызым! Енді сен өзің таңдап барған шаңырақтың адамысың» деп айтатын. Кейде шауып үйіне келсе, анасы қызына «Ата-енеңнен ұят болады, үйге жүгіре берме, әйтпесе бізді жерге қаратасың!»-деп кері қайтаратын. Сөйтсе, анасы қызыныңбарған жеріне, «тастай батып, судай сіңсін» дегені екен. Оны да жүре бара түсінді. Ал қазіргі заманғы қыздардыңекікүннің бірінде үйінде жүргендеріне  тосырқай қарайды. «Жанаршырлары,ақылын айтар адамдары жоқ -ау сірә?»- дейді. Ал ажыраса салуды оңай көретіндер туралы, қыз өзі қалап, көңілі сүйіп күйеуге шықса, еш кедергі, еш қиындық оларды ажыратуы мүмкін емес,-деп ой түйеді.

Айгүлдіңжайдары, көркем мінезі үшін жолдасы риза. Қаленовтар бақытты жұп. Оған үлкендерді бағып-қағып, ақ баталарын алғандықтанжетіп отырмыз деп есептейді. Көзі көрмесе деенесі бар білгенін келінге үйретіп, қабағының қатулығымен тезге салып, жаманмен жақсыны ыммен түсіндіретіндей,«енелер мектебінен» өткізгені шындық.Ененің жүзі мен мірдің оғындай әрбір сөзі жас келінді ширата беріпті -ау, шіркін. Оның айтқан ақыл — кеңестері де Айгүл үшін кәдімгі заң деп таңданатын отбасы мүшелері.

Әйел бақытын басындағы бағы деп түсінетін Айгүл үшін отбасының береке-бірлігі ақ жаулықтылардың қолында. Себебі отбасының атмосферасы әйелдің күндей күлген шуақты мінезіне, оның әзірлеген ақ адал асына, балаға деген сүйіспеншілігіне, ата-енеге, қайын жұрты алдындағы абыройына тікелей байланысты. «Отбасы құндылығы дегеніміз не өзідеп жатамыз. Ол бір кереметтей ерекше бір оқиға немесе, ол үшін арнайы таудай іс атқарудың қажеті жоқ. Үлкендерге сәлемің түзу болса, дастархан басында таза көңілмен бірігіп ас ішілсе, жұмыстан соң бірігіп аулада шаруа жасаса, атасы мен әжесі немерелерін айналасына үйіріп, маңдайынан сипап, білгенін айтса, бір үйдің тірлігін жәймен жүріп атқарса жетеді.Тіпті үш ұрпақтың өкілі, үш буын ретінде бір шаңырақ астында тату тұрғаннының өзі нағыз құндылық. Бұл бір-біріне деген сыйластық, сенім, шынайы ара — қатынас, қажет кезінде көмекке келу»-дейді Айгүл.

«Келіншегім үйге келген жанның барлығына иіліп жүріп шәй әзірлеп, жаз болса сыртта  самаурын қойып, ауылдағы үлкен-кішіні күнде қонақ қылатын.Үйге кісі келмесе «Не болды?» деп әбіржитінбіз» — дейді күліп, жолдасы Мейрамбай. Қырда жылқысы, қорада ірі қара, қой — ешкісі бар үй иесі заман жетістігінен де құр қалмаған. Жылқы табынынқолдағы смартфонмен, аула мен мал қораларын үйге қосылған бейне камералармен бақылап, жұмысын жеңілдеткен. Табиғи газбен, таза ауыз сумен жабдықталған үйде тұру қандай ғанибет! Тек отбасының бақытты, үйдің береке-бірлігі мығым болса! Міне,олар үлгілі отбасының жарқын көрінісі ретінде, жан сүйсінтіп жүр. Осындай жанұялар көп болсын!

 

А.Муса