11.08.2020, 16:21
Қараулар: 169
Құрбан айттағы қайырымдылық 

Құрбан айттағы қайырымдылық 

Бүгінгі таңдағы адамдардың басты байлығы-денсаулығын қорғауға арналған карантиндік талаптар кезінде мұсылман қауымының басты мерекесі Құрбан айтты тойлауға да шектеулер енгізілгені мәлім. Жұртшылық бас мүфтидің үндеуінен соң онлайн құрбандық шалып, барынша сақтық шараларын ұстануға тырысты. Аудан орталығындағы тұрғындардан өзге мекеме-ұйымдар да бұл мерекені қайырымдылық шараларымен өрнектеп, көмекке мұқтаж отбасыларына қарайласып, сауап жинауға асыққаны қуантады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері ортаға ұсыныс тастап, айт мерекесі қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыға азық-түлік жиынтығын табыстады. Осындай игі бастаманы іліп әкеткен мекеменің бірі жұмыспен қамту орталығы болды. Бұл ұжым да көмекке зәру  аудан тұрғынына азық-түлік жеткізіп, батасын алып қайтты.  Осындай игі істі өзге де ұжымдар жасап жатты. Ауданға белгілі кәсіпкер құрбан айт күні 4 отбасына екі қойдың етін таратып берді. Аудандық мешіттің имамы Ринат Шафхатұлы осы күні аудан тұрғындарының 30 шақты аз қамтылған отбасына құрбандыққа шалынған мал етін таратқанын айтады. Ізі амалдар кезінде жеке кәсіпкерлер М. Тасмағамбетов пен Н. Бекманов өз аттарынан бір-бір ірі қара малын сойып үлестірген, жалпы 20 шақты ұсақ малдың еті тең бөлініпті. Мешіт ұжымы 8 отбасына көмек берген.

Бірлік пен қайырымдылық елімізге енген індеттің бетін қайтаруға бағытталған жақсы амалдардың бірі екенін ел жақсы ұғынды деп білеміз. Әр игі істің артында мол сауап бар екендігі белгілі, ендеше күнделікті өмірде де қайырлы іс жасауға әбден болатынын ұмытпайық.

                                                                                             Гүлім ШЫНТАС