9.07.2020, 18:30
Қараулар: 197
 Мерекемен құттықтады

 Мерекемен құттықтады

       Әкім болсаң, халқыңа жақын бол деген ұстаныммен  аудан үшін еңбек етіп жүрген аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова тұрғындардың тыныс-тіршілігмен жете таныс болуға, әрбір мәселені назардан тыс қалдырмауға тырысып келеді. Әсіресе ауыл ақсақалдары, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен тыл еңбеккерлерімен де үнемі қарым –қатынаста. Қиналғанның жанынынан табылып, мереке күндері құттықтауды да ұмытпайды.

Аудан басшысы осы әдетімен 6 шілдеде – Нұр-Сұлтан күні мерекесіне орай және осы мереке қарсаңында дүниеге келген бірқатар тыл ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады. Еліміздің бас қаласы мерекесіне орайлас дүниеге келген  ақсақалдарды туған күндерімен құттықтай келіп, оларға жылы лебізін арнап, өткен өмірлері туралы, ауданның тарихы туралы әңгімелерін тыңдады. Шыңғырлаудың  құрылуына ат салысып, жылдар бойы аудан үшін еңбек етіп, ұрпақ  өсіріп,  осы жермен тағдырларын ұштастырғандарына ризашылық сезімін білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

Туған күн иелері де өз тарапынан құттықтай келген аудан басшылығына және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Самиев пен Шыңғырлау ауылдық округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Имашевқа  шынайы алғысын білдірді. Кездесуде қариялар еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген батасын берді.

Анар САҒИ

Шыңғырлау ауданы