24.06.2020, 12:06
Қараулар: 229
23 маусым — мемлекеттік қызметші күні

23 маусым — мемлекеттік қызметші күні

1998 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылған болатын.

Ал, 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөль атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады.

«23-маусым Мемлекеттік қызметші күні» болып белгіленді.

Мемлекеттік қызметте он жылдан аса уақыт қызмет атқарып, еліміздің, оның ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне өз үлесін қосып келе жатырған, бүгінгі күнде өзінің білімі мен біліктілігін, тәжірибесін кәсібилілігін кейінгі жас мамандарға үйретуден талмай жүрген өз ісінің іскер де білгір мамандары жетерлік.

Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойғы еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлік демалысқа шығып, бүгінде еткен еңбегінің жемісін, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мемлекеттік қызметтегі адал еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер әріптестеріміз де әлі күнге қоғамдық игі шаралардан қалыс қалған емес.

Ульяров Сағатқали Айғалиұлы, Имашев Сағынғали Бисенғалиұлы, Бекжанов Мұрат Тұрабайұлы, Лысенко Валентина Петровна, Абдрахманов Қаражан Төреханұлы т.б. ардагер мемлекеттік қызметшілеріміздің мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлестері зор екендігін айтпай кетпеске болмайды.

Ахметова Зәуреш Сағидоллақызы 1966 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы № 47 АКТУ-н «2 санатты стенографист-хатшы машинистка», 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Ветеринария маманы» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау аудандық редакциясының машинисткасы болып бастаған. 2001 жылдан бастап Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметке қабылданған.

Қазенова Айнұр Балағазықызы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Ақмола қаржы — экономикалық техникумын «Бюджетті құру және орындау», 2007 жылы Қазақ коммерциялық қаржы академиясын «Экономист» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау ауданының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің есепшісі болып бастаған.

Вагапова Светлана Дагиевна 1971 жылы 1966 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Орынбор механикалық есеп техникумын «Бухгалтер», 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Кәсіптік жоғары білімі бар экономист-менджер» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1998 жылы Шыңғырлау ауданының еңбек жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімшесінің бас маманы болып бастаған.

          Тұрғалиев Сағидолла Батырұлы 1962 жылы Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Новенький ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2000 жылы Зеленов ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Ерболова Дина Ғалымжанқызы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «Қаржыгер», 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1987 жылы Камен ауданы қаржы бөлімінің экономисті болып бастаған.

Шамитько Ирина Николаевна 1962 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1984 жылы В.П.Чкалов атындағы Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтын «Мұғалім», 1995 жылы  Ақмола қаржы-экономикалық техникумын  «Бюджет бойынша қаржыгер» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Шыңғырлау ауданы қаржы бөлімінің экономисті болып бастаған.

Имашева Әлия Мәдиқызы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Миргородка ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Гуманитарлық-экономикалық колледжін «Заңгер», 2005 жылы  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Жоғары кәсіби білімді заңгер»  мамандықтары бойынша тәмәмдаған.  Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2000 жылы Шыңғырлау аудандық сотының маманы болып бастаған.

Құлмағамбетова Тәнзиля Исламқызы 1966 жылы Ресей Федерациясы Саратов облысы Красный Октябрь селосында дүниеге келген. 1986 жылы Энгельс атындағы кооперативтік техникумын «Тауартанушы-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2002 жылы Шыңғырлау аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы болып бастаған.

Жазықбаев Нұрғали Кенжеғалиұлы 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Орал аграрлы-техникалық колледжін «Агроном», 2006 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Стандартизация және сертификация» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2005 жылы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық  округі әкімі аппаратының маманы болып бастаған.

Чинарова Алла Лұқпанқызы 1970 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Мичурин мемлекеттік ауылшаруашылық академиясын «Оқымысты агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2002 жылы Шыңғырлау ауданының жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы болып бастаған.

Зұлқашева Мира Кеңесқызы 1968 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ново-Петровка ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі экономист» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2005 жылы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.

Барақбаева Алмагүл Байғабұлқызы 1963 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында дүниеге келген. 1982 жылы «Темір» ауыл шаруашылығы техникумын «Бухгалтер», 2008 жылы Ақтөбе «Дүние» университетін «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2001 жылы Шыңғырлау ауданының Алмаз селолық округі әкімі аппаратының бас маман-аппарат жетекшісі болып бастаған.

Тлимберлиев Айдар Ахжанұлы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ново-Петровка ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Оқымысты агроном» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1997 жылы Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

Жұбаниязова Надежда Сағындыққызы 1966 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ново-Петровка ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Батыс Қазастан инженерлік -технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық колледжін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1999 жылы Шыңғырлау ауданының  Белогор селолық округі әкімі аппаратының бас болып бастаған.

Бокаев Юнус Бегатарұлы 1964 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Илек зоотехникалық техникумын «Мал дәрігері фельдшері» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Шыңғырлау ауданы Лубен селолық округі Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы-ветеринарлық инспекторы болып бастаған.

Жұмағазиев Ғұсман Ғұмарұлы  1966 жылы Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданы Көктерек ауылындад үниеге келген. 1990 жылы Орал педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі мұғалімі», 2002 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Шынғырлау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып бастаған.

Нұрғазиева Айсұлу Қаражанқызы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1998 жылы А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық  университетін «Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

Жоғарыда тізбеленген әріптестеріміздің барлығы дерлік еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттерімен мемлекеттік қызметте тынымсыз еңбек етіп жүрген азамат пен азаматшалар. Мемлекеттік қызметпен қатар қоғамдық шараларға, спорттық жарыстарға, ауылымыздың абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына да белсенді қатысып келеді. Өз істеріне шынайы берілген бұл мамандар өз тәжірибесін жас мамандармен бөлісуден тайынған емес. Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу – мемлекеттік үкімет органдарының аса маңызды ролінің дәлелдемесі. Өйткені әлеуметтік-экономикалық реформалардың жетістіктері, қоғамның демократияландыру жолымен жылжуы, құқықтық мемлекетінің қалыптасуы мен елдің тұрақты дамуы мемлекет басқару тетігі жағдайы және мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен олардың жігерлілігіне байланысты. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтай отырып, бақыт, байлық, береке тілейміз. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

 

Шыңғырлау ауданы

әкімінің аппараты