9.10.2020, 17:41
Қараулар: 52
Әр үйге таза ауыз су өткізілуде

Әр үйге таза ауыз су өткізілуде

Ақтаулықтар үшін биылғы жыл ерекше болмақ. Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының шарапаты бұл ауылға да тиіп, жақын арада әрбір жанұя, әрбір үй таза ауыз сумен қамтылмақ. Бұл жұмысты келісім-шартбойынша қолға алған мердігер «Болат.Д.» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Алты адам және 3 техника жұмыс істеуде. Және бұл іске ауыл тұрғындары ішінен жұмыссыз жүрген 10 адам тартылған. Жұмыс үстіміздегі жылдың мамыр айында басталып және уақытылы орындалып, қараша айында тапсырылмақ. Ауыл ішілік таза су трассасының ұзындығы 12 шақырымды алады. Қазіргі таңда экскаваторлар қопарған көшелерден жүру тіптен де мүмкін емес. Дегенмен бұл уақытша қолайсыздықтардың бәрі де ауыл халқының қамы екенін жақсы түсінетін тұрғындар еш мойымайды. Керісінше барлығы жабыла көмек етіп, жұмыстың тез әрі сапалы бітуіне үлес қосуда. Міне, ақтаулықтардың тыныс-тірліктері осындай!

Айсұлу АРЫСТАНОВА