28.10.2020, 17:43
Қараулар: 44
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтілді

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтілді

Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Осы кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері мен осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен зейнеткер-ардагерлерді әлеуметтік сала қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Күнделікті жұмыс барысында әр санатқа бөлінген, мейлі зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар, жұмыссыздар, табысы аз отбасыларға көмек бересіздер. Сіздердің арқаларыңызда қиын өмірлік жағдайға тап болған жерлестеріміз мемлекетіміздің ұсынған қолдауын еркін ала алады. Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз» деп келе, аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Атап айтқанда, әлеуметтік салада 20 жыл бойы қызмет еткен зейнеткер-ардагерлер Күлсін Адиева мен Сания Бекбулатоваға және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Г. Айтмұхамбетова облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Құлқаевтың алғыс хаттары табыс етілді. Ал  аталмыш бөлімнің бас мамандары С.Вагапова облыстық кәсіподақ төрағасы С.Сүлейменнің,  С.Шинасилова Шыңғырлау ауданының әкімі Ә.Мұханбетжанованың алғыс хаттарына ие болды.

Шара соңында ардагерлер де өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұжым қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Анар Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы