10.12.2019, 17:56
Қараулар: 523
Әйелдер мәселесіне арналған әсерлі басқосу

Әйелдер мәселесіне арналған әсерлі басқосу

Шыңғырлау аудандық колледжінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі  жанындағы  Әйелдер істері және  отбасылық — демографиялық  саясат жөніндегі  комиссияның Алтын Жұмағащиева жетекшілік еткен  көшпелі отырысы өтті.  Жиналған көпшілік алдында  облыс орталығындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры  Талшынай  Жүніс және  аудандық «Болашақ» бөбек жайының салынуына тікелей көмек еткен, «ЭКСПО» ЖШС директоры,  аталмыш комиссияның белді мүшесі  Людмила Щукина  сөз сөйлеп, өз қызметтері туралы баяндап берді.  Облыстық комиссия  отырысында   Шыңғырлау ауданы әкімдігі жанындағы  әйелдері істері және  отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысы баяндалып, осы бағытта  «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен  аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары  тыңдалды.

Жиналғандар алдында дағдарыс орталығының  педагог -психологы, отбасылық кеңесші  Айман Насырова психологиялық тест өткізсе,  елімізге танымал  «Магнит-әйел» Қарлығаш Нығметова  өз қабілетін көрсетіп, әйел ретінде өз ойларын жеткізді.  Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев  комиссия мүшелеріне алғысын айтып, бірлесе отырып жұмыстануға шақырды.

Аталмыш шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Волкогон мен аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып отырды.

Бұл жиын тек қана өзекті мәселе талқылаған отырыс қана емес, әдемі кездесу, әсерлі кеш болды.

Айсұлу Арыстанова