24.08.2020, 17:52
Қараулар: 43
Үй-жайларды аралады

Үй-жайларды аралады

Жаңа оқу  жылы басталар күн де алыс емес. Қашықтан оқыту болса да әр баланың мектепке дайындығы, оқу құралдарымен қамтылуы, отбасында қолайлы жағдайдың болуы назардан тыс қалмауы тиіс. Осы мақсатты басшылыққа алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ұсздарымен бірлесе отырып шара өткізді. Топ мүшелері қолайсыз отбасы есебінде тұрған оқушылардың үйлерін аралап, олардың ата-аналарымен тілдесіп, балаларға оқу үрдісі кезінде бар мүмкіндікті туғызу, әрбьір өткізідетін сабақты игеруде кедергі жасамау туралы түсіндірді.  Бұған қоса оқушылардың оқу жылына дайындық жұмыстары тексерілді.

Жалпы, осындай бағыттағы кеңес беру, оқушылардың үлгерімі мен оқу кестесіне ілесе отырып білім алулары алдағы уақытта да назарда ұсталатын болады дейді топ мүшелері.

Назым АЙҚЫН