26.02.2020, 15:31
Қараулар: 305
Құтыру жұқпасы қалай жұғады?

Құтыру жұқпасы қалай жұғады?

Құтырма – ауыр түрде өтетін 100% пайыз өлімге алып келетін зоонозды вирустық жұқпа ауруы. Құтырмамен барлық жылықанды жануарлар тіпті құстар да ауырады.

Адам құтырма ауруымен ауыратын жануарлар әсіресе көбіне ит және мысықтар тістегенде не тырнағанда ауру жануардың сілекейінде құтырма ауруының қоздырғышы болғандықтан жұғады. Қаңғыбас иттер, мысықтар, жабайы жануарлар (түлкі, қасқыр, тышқандар т.б) құтырма ауруының таратушысы ретінде аса қауіпті болып табылады. Құтырма қоздырғышы жара арқылы адам ағзасына еніп, жұлын және бас миына жетеді және көбейеді.

Қоздырғыш адам ағзасына енген уақыттан бастап 3 күннен жылдан аса уақытқа дейінгі уақытта ауру белгілері пайда болуы мүмкін. Адамды жануар тістеген, тырнаған, не сілекейі жұққан кезде не істеуіміз керек?

  1. Ең бірінші тістелген, тырналған, не сілекей жұққан жерді сабынды сумен шайып хирург дәрігерінің көмегіне жүгіну керек.
  2. Тістеген жануардың (ит, мысық т.б.) қожайынын анықтап жануарды құтырма ауруымен ауырмайтындығын анықтау үшін 10 күн мерзімге ветеринарлық дәрігер бақылауға алады. Тістеген жануарды қандай жағдай болса да ветеринарлық қорытынды шығарғанша өлтіруге болмайды.
  3. Жануар тістеуінен зардап шеккен адамды құтыру ауруынан сақтаудың жалғыз ғана жолы уақытында салынған алдын-алу егуі. Егер құтырма ауруымен ауыратын жануар тістеген адамға антирабты көмек уақытында көрсетілмесе ол адамды өлімнен құтқару мүмкін емес.
  4. Қожайыны бар иттер ветеринарлық талапқа сай құжаттармен қамтамасыз етіліп, аулада басқа адамға зардап келтірмейтіндей оқшау тұруы тиіс.

 

ҰМЫТПАҢЫЗ, ҮЙ ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН КЕЗДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ТУЫСТАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Шыңғырлау аудандық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының жетекші маманы М.Турмагамбетова