26.11.2019, 17:48
Қараулар: 558
«Қыс-2019» — оқу-жаттығу шарасы

«Қыс-2019» — оқу-жаттығу шарасы

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында жуырда ауданымызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильиннің басшылығымен «Қыс — 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Командалық-штабтық оқу-жаттығулар екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде басқару органдарын, облыстық АҚМЖ ішкі жүйелерінің күштерін функционалдық міндеттерді орындауға, сондай-ақ авариялардың жағдайы, ауқымы мен салдары туралы мәліметтерді жинау, ТЖ оқшаулау және жою бойынша шешімдер қабылдау бойынша дайындау.

Екінші кезең барысында АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің күштерін, ҚР ҰҰ бөлімдері мен бөлімшелерін басқару жөніндегі басқару органдарының жұмыс мәселелерін пысықтау көзделді.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Бейсен және Шыңғырлау ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Д. Есенов ТЖ салдарын жоюға және оқшаулауға тартылған Шыңғырлау ауданының азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарының дайындығын тексерді.

Р. Шукаев,

 аудандық ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты