8.02.2020, 11:01
Қараулар: 34
Қарияларға қарайласуда   

Қарияларға қарайласуда   

«Nur Otan» партиясы елімізде ардагерлерге қамқорлық жасау, мұң-мұқтаждарын шешу бағытында түрлі шараларды қолға алып, арнайы жоба аясында жергілікті жерлерде жұмысты ширатуды қадағалап келеді. Ауданымызда да осы бағыттағы жұмыстар әр жыл сайын жоспар аясында өткізіліп, ардагерлермен мереке күндері ғана емес, жалпы ай сайын түрлі шараларға шақыру, үйлеріне барып қал-жағдайларын білу, дәрігерлік көмек көрсету, әлеуметттік қызметкерлер жұмысын бақылауда ұстау бағытында жүргізіліп келеді.

Үстіміздегі жылы да «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Алмаз, Ақбұлақ, Ардақ ауылдық округтерінде бастауыш партия ұйымдары төрағалары, жастар жетекшілері қамқорлыққа зəру, егде жандарға көмек қолын созу шараларын ұйымдастыруда. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының мақсаты жасы үлкен қарияларға құрмет көрсетуді еселеу, жастарды қарт адамдарға қамқор болуға тəрбиелеу. Партия жобасы аясында жастарымыз жеке тұрғын үйлерде тұратын жалғызбасты қариялар мен тыл еңбеккерлерінің үй-жəй, аула-қораларын әлсән-әлсән жауған қардан тазартып, азық түлігін жеткізіп беруде. Қайырымдылықты паш ететін  осындай шараларға қариялардың алғысы шексіз.

С. Бәйтенова,

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары