28.02.2020, 10:15
Қараулар: 1029
Қариялардың халін сұрады

Қариялардың халін сұрады

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының 2020 жылға арналған республикалық жол картасына сәйкес жуырда «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шыңғырлау арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне рейд ұйымдастырылды. Кездесу барысында орталық тәрбиеленушілерімен  сұхбат жүргізіліп, ел дамуындағы басым бағыттар туралы таныстырылды. Қариялар күнделікті тұрмыс-тіршіліктері, денсаулықтарына қатысты өз ойларымен бөлісті. Өздеріне жасалып жатқан қамқорлықтарға риза үлкендер алда келе жатқан Алғыс айту күнінде аудандық партия филиалына, ел тізгінін ұстап отырған азаматтарға, қазақ халқына алғыстарын білдіріп жатты.

Иә, қарттар үйі — сан түрлі тағдырлар мекені. Мекеме 15 орынға есептелген. Бүгінгі таңда мұнда 12 тәрбиеленуші өмір сүруде. Ең үлкенінің жасы 97 де. Бір-біріне қолдау көрсетіп отыратын бірнеше ұлт өкілдері орталықта тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әдеби кітаптар оқуға, шахмат-дойбы ойнауға, қолөнермен айналысуларына да мүмкіндіктер қарастырылған.

Заманауи ғимаратта бар жағдай жасалғанымен отбасының орны ерекше дер едік. Қария бар жерде береке бар. Қарт бар жерде тоқтау бар. Олар айтатын ақылдың құны қадірлі, олар көрсететін жолдың жөні бар. Қарияларды қадірлеп, ардагерлерді ардақтай білейік.

Назым АЙҚЫН