13.02.2020, 11:47
Қараулар: 382
Қалың қалай, студент?

Қалың қалай, студент?

    Студенттік шақ адам өмірінің ең жарқын сәттері. Жастық шақтың базары. Ойын-сауық, түрлі кештер, құрбы-құрдас, курстас, әзіл-қалжың, достық, махаббат сынды жастыққа тән дүниелердің бәрі де студенттік өмірдің бөлінбес бөлшегі.  Осынау бір тамаша кезеңге арнап Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары  Шыңғырлау колледжінде «Қалың қалай, студент?!» шарасын ұйымдастырды. Шара барысында студенттер тұрып жатқан жатақхананың жағдайы, тұрмыс-тіршілігімен танысып, хал-жағдайларын біліп қайттық.  Студенттермен ашық әңгімелесіп, олардың ой-тұжырымдарымен таныстық. Олар өз кезегінде қазіргі жатақхана жағдайына көңілдері толатынын атап өтті. Бос уақыттарында спортпен шұғылданатын олар еріктілер қатарына қосылып, ауылдастарына қолдарынан келетін көмектерін көрсетіп жатыр.

 Студент сөзінің мағынасы «ізденуші» екенін білеміз. Көзді ашып-жұмғанша өте шығатын төрт жылда ізденуші екенімізді есімізде сақтап, алтын уақыттың бағасын білейік.

Қ. Сарбасов,

аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының әдіскері