23.02.2020, 15:43
Қараулар: 688
Қай қызмет те қолжетімді болуы керек

Қай қызмет те қолжетімді болуы керек

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мейлінше түрлі көмек-қолдаулар қарастырылып келеді. Олардың қоғамдық ортада өздерін ыңғайлы және қауіпсіз сезінулері үшін мекемелерге, ауруханаларға барғанда кіріп-шығуға арналған пандустар орнатылып, қажетті көмектер мен қызметтерді кідіріссіз алуы үшін түрлі оңтайлы шаралар алынған.

Жуырда «Кедергісіз келешек»партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін əлеуметтік обьектілердің бейімделуін тексеру жəне бақылау мақсатында құрылған партиялық бақылау тобының мүшелері  Шыңғырлау және  Амангелді теміржол станциясында болды. Мұнда олар вокзалдағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік, поезд жолдарының қауіпсіздігі төңірегінде қандай жұмыстар қолға алынып отырғандығы жөнінде кеңінен танысты. Вокзал басшылығы осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы айтып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін теміржол қызметін пайдалану барысындағы мүмкіндіктерді тілге тиек етті. Шыңғырлау теміржол вокзалының бастығы А. Сатыбалдиев мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыстар талапқа сай  жүргізіле бермегіне сендірді.

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Бәйтенова, аудандық мәслихат хатшысы Г. Волкогон бастаған бақылау тобы осындай бағыттағы жұмыстарды алда да жалғастыратын болады.