11.11.2020, 18:29
Қараулар: 224
Шыңғырлау ауданында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті

Шыңғырлау ауданында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI конференциясы өтті. Конференция жұмысына партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan»  партиясының  Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту»; Пікірсайыстардың қорытындысы бойынша  кандидаттар үшін дауыс беру; «Nur Otan»  партиясынан Шыңғырлау ауданы маслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және «Nur Otan»  партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан  облыстық филиалының кезектен тыс XXVI  конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы» хабарлама жасап, өзекті мәселелерден құралған бағдарламаның 7 бөліміне тоқталып өтті. Сонымен қатар, партия ішіндегі сайлаудың маңыздылығына тоқтала отырып, «Biz Birgemiz» акциясы аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Күн тәртібі бойынша Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес қатысушы Мадияр Байжанов пен Орынбасар Кушев арасында пікірсайыс болып, кейін  кандидаттар үшін дауыс берілді. Сайлау қорытындысына бойынша басым дауыс жинаған Мадияр Байжанов парламент мәжілісі мен облыстық маслихаттың партиялық тізіміне енгізу үшін ұсынылды.

Жиын барысында «Nur Otan» партиясының Шыңғырлау ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 20 кандидат бекітіліп,  «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVI конференциясына делегаттар сайланды.

Аман ІЗМҰХАН

Шыңғырлау ауданы