16.11.2020, 15:14
Қараулар: 30
Шыңғырлау ауданында тактикалық оқу-жаттығу өтті

Шыңғырлау ауданында тактикалық оқу-жаттығу өтті

Аудан орталығында Төтенше жағдай бөлімінің ұйымдастыруымен  аудан бойынша тактикалық оқу- жаттығу шарасы өткізілді.

Өз біліктерін шыңдауға өрт сөндірушілер бригадасы, жедел жәрдем дәрігерлері, полиция және  электростанция  қызметкерлері қатысты.

Өткізілген жаттығулардың негізгі мақсаты  электр тұйықталуынан шыққан өртті дер кезінде сөндіру,  төтенше жағдай кезінде  тиісті мекемелердің атқаратын іс-қимылдары, дайындықтарын тексеру болатын.

Белгіленген ережеге сай дабыл қағылсымен оқиға орнына  алдымен жеткен өрт сөндірушілер бөлімінің қызметкерлері ширақ қимылдап қызыл жалынды сөндірді. Осыдан кейін үйінді астында қалған бір адамды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Бұл оқу-жаттығуға  18 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды. Әр ұжым өздеріне тиесілі міндеттерін мүлтіксіз атқарып, жоғары  деңгейде әзірліктерін көрсете білді.

Б.Баймағамбетова

Шыңғырлау ауданы