25.09.2020, 18:13
Қараулар: 44
Шыңғырлауға 90 планшет

Шыңғырлауға 90 планшет

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкімет резервінен алынуы жоспарланған компьютерлік құрылғылардың бір бөлігі Шыңғырлау ауданына да жеткізілді.

Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Арыстанова, аудандық «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Н.Қайыржанов және мектеп директорларының орынбасарлары, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысқан эксперттік кеңес құрылып, планшеттер толықтай тексеріліп, білім беру ұйымдарына, атап айтсақ, Шыңғырлау ОЖББМ, Л.Қылышев ат. ОЖББМ, А.Тихоненко ат. ОЖББ мектептеріне таратылды.

Алдағы уақытта аталған планшеттер мектеп тарапынан әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың оқушыларына берілетін болады.

Самат БАЙБОЛАТ

Шыңғырлау ауданы