10.07.2017, 10:13
Қараулар: 104
Шыңғырлаулықтар ЭКСПО-ға аттанды

Шыңғырлаулықтар ЭКСПО-ға аттанды

IMG_870530 — маусым күні аудан әкімі А.Есалиев бастаған шыңғырлаулықтар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға Астана қаласына аттанды.
Теміржол вокзалына жиналған жұртшылықтың көптігі сондай — ине шаншар жер болмады. Астана қаласына аттанар алдында шығарып салу рәсімі оздырылып, аудан әкімі Альберт Темірболатұлы тарихи маңызы үлкен аталмыш сапардың мән-маңызын айтып, баршасына сәтті сапар тіледі. Осы жиында жолаушыларға игі тілектерін арнаған зейнеткер С.Имашев, Шилі орта мектебінің оқушысы С.Қуанышкереев ЭКСПО-ны тамашалап, еліміздің жарқын жақсылықтарын көру бәріміз үшін үлкен қуаныш, мәртебе деді. Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов құттықтау сөзімен бірге жол жүргіншілерге арнап, хабарлама жасады.
Айта кету жөн, бұған дейін Астанаға 80 адам жолға шықса, бұл күні 250 адам пойызға отырды. Одан кейінгі топ 4-10 маусым күндері Астанаға аттанбақ. Бұл жолы да Астана қаласына жол тартқандар тізімінде әр түрлі салада қызмет атқаратын қызметкерлер, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және оқушылар бар.
Еліміздің жарқын істерін, сонымен бірге жан-жақтан келіп, өз елдерінің «ең, ең» кереметтерін халықтың алдына ұсынып жатқан көршілес және шетел жетістіктерін шыңғырлаулық жерлестерімізде өз көздерімен көріп, көңілдері қуанышқа бөленіп келмек.

Айсұлу Муса