30.10.2020, 14:34
Қараулар: 82
Шыңғырлауда зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған семинар өтті

Шыңғырлауда зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған семинар өтті

Аудандық мәдениет үйінде отбасындағы зорлық-зомбылықтардың алдын алу бағытында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің ата-аналарымен қарым-қатынас ерекшеліктері» тақырыбында семинар оздырылды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев сөз сөйлеп, отбасылық құндылықтарды дәріптеу — баршамыздың міндетіміз дей келе, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Ал «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» жұмыс тобының жетекшісі, аудандық соттың судьясы Ә.Маженова аудан көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Семинар жұмысы облыс көлемінде жұмыстанып жүрген «Жайық таңы» және «Ақжайық жастары» қоғамдық бірлестік мамандарының ұйымдастыруымен «Өз тағдырың-өз қолыңда!», «Өзіңді де, өзгені де таны!» атты психологиялық тренингтермен жалғасты.
А.Муса