11.11.2020, 9:41
Қараулар: 147
«Цифрлық Қазақстан»

«Цифрлық Қазақстан»

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру – бүгінгі күннің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағдарлама аясында, Қазақстанда цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратуды енгізу бойынша жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр.

Цифрлық хабар тарату әр үйге қолжетімді болмақ. Оны жүзеге асыру туралы шешім техникалық прогреске негізделген. Сондықтан аналогтық хабар тарату желісі ескнің сарқыншағы болып қалды. Оның мүмкіндіктері әлемдік масштабта енгізіліп жатқан цифрлық форматтан анағұрлым төмен.

Аналогтық желіде бұрын 2-3 арна ғана көруге мәжбүр болып келген көрерменнің енді цифрлық телевизиядан ұтары көп. Сонымен қатар, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі жоғары сапалы кескін  мен дыбысты қамтамасыз етеді.

Мақаланың толық нұсқасы www.kazteleradio.kz және www.tsetv.kz. сайттарында жарияланған.