17.06.2020, 16:01
Қараулар: 131
ХҚО ашылған соң БҚО тұрғындарының алған ТОП-5 қызметі

ХҚО ашылған соң БҚО тұрғындарының алған ТОП-5 қызметі

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгікөп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан. Батыс Қазақстан бойынша 3000 астам жеке куәлік және төлқұжат берілді.

Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамыр айында автомобиль иелері Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлікті қайта тіркелген болса, біздің облысымызда бұл көрсеткіш 3000 шамасында.

ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де күтті. Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметі үшін ХҚО-ға 56 мыңнан астам рет жүгінген, Батыс Қазақстан облысында 2000 астам.

Төртінші орында жүргізуші куәліктерін ауыстыру және беру қызметі. Мамыр айында 30 мыңға жуық құжат рәсімделген. БҚО бойынша 1000 жүргізуші куәлігі берілді.

Карантиннен кейінгі сұранысқа ие бесінші қызмет – әлеуметтік қауіп-қатер жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі. Бұл негізінен жүктілік және босануға байланысты берілетін төлем. Оны 20 мыңнан астам жүкті әйел алған, ал біздің облысымызда, 1500 дей әйел адам бұл қызмет түрін алды.

Азаматтарға арналған үкіметтің алдын ала мәліметі бойынша мамыр айындаХҚО арқылы Батыс Қазақстан облысында 20 мыңға жуық, ал Қазақстанда 645 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі алынған. Бұл жердеХҚО-лардың әр түрлі уақытта ашылғанын ескеру керек.Мәселен, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда, ал Алматыдағы ХҚО-лар өз жұмысын 25 мамырда бастады.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдынала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді(106 мемлекеттік қызмет)ғана ұсынады. ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

Жақындарыңызбен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз.