26.10.2018, 18:26
Қараулар: 7940
ХХV есеп беру — сайлау  конференциясы 

ХХV есеп беру — сайлау  конференциясы 

Ауданымызда “Нұр Отан” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының ХХV-ші конференциясы оздырылып,  конференцияға   аудан әкімі Альберт Есалиев  төрағалық етті. 

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаттары, партия активі, аудан-дық бөлім, мекеме және кәсіпорын басшылары, бизнес саласы өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтарының жетекшілері, аудандық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары  және Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ-стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы аудандық партия ұйымының міндеттері туралы филиал  төрағасының бірінші орын-
басары Светлана Бәйтенова баяндама жасады.

Мінберде  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  С.Сәмиев, мандат комиссиясының төрағасы А.Сұлтанов, «Шилі» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Бисенғалиева сөз сөйледі.

Конференцияда аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің құрамы, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.

 А.АРЫСТАНОВА