9.01.2020, 11:54
Қараулар: 535
Төтенше жағдайлар бөлімінің жылдық есебі тыңдалды

Төтенше жағдайлар бөлімінің жылдық есебі тыңдалды

Шыңғырлау ауданы Төтенше  жағдайлар бөлімімен мен №23 өрт сөндіру бекетінің өткен 2019 жылда атқарылған жұмыстарын қорытындылауға бағытылған жиын өтті. Жиынға Орал қаласынан Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев және Батыс Қазақстан облысы өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарали Селимов қатысты.

Аудан  әкімінің орынбасары Ғалымжан Бейсен төрағалық еткен жиында күн тәртібінде көтерілетін мәселелерге қатысты ақпараттармен бөлісіп, баяндамашыларға сөз берді. Шыңғырлау ауданы Төтенше  жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры  Дулат Есенов пен №23 өрт сөндіру бекетінің бастығы Данат Наурызғалиев өткен жылы атқарылған  жұмыстарына, жеткен жетістіктері мен жіберілген олқылықтарын кеңінен баяндады. 2019 жылда тілсіз жау, яғни өрттен және суға кеткен адам өлімі тіркелмеген. 294 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу анықталып, 55 іс бойынша әкімшілік жауапқа тартылған. Соның ішінде: заңды тұлғаға – 23, ауазымды тұлғана – 24, жеке тұлғаларға 8 әкімшілік іс толтырылды.

 

Жиын соңында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев облыс көлеміндегі төтенше жағдайлар оқиғасына тоқталып, республика бойынша салыстырмалы түрде өңірімізде оқыс оқиға мен адам өлімі төмен көрсеткішке ие екендігін айтып өтті.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы