21.11.2019, 18:17
Қараулар: 528
Тұрғындар қабылдауға келді

Тұрғындар қабылдауға келді

21 қараша күні  ауданымызда  «Ашық есік күні» және аудан азаматтарына  құқықтық көмек көрсету үшін кезекті «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында қабылдау шарасы  өткізілді. Аталмыш шараға  аудан әкімі, құқық қорғау  органдары, аудандық бөлімдер, мекеме басшылары қатысып, тұрғындардың  сұрақтарына жауап беріп,  мәселелерін шешуге ат салысты.

Қабылдауға келгендердің көпшілігі  аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетовке жолығып, өтініштерін айтып, кейбір мәселелерде көмек беруді өтінді.

Шара таңғы сағат 9-дан кешкі  19.00- ге дейін Шыңғырлау колледжінде ұйымдастырылды.

А.Арыстанова