7.09.2020, 18:02
Қараулар: 118
Тіл жанашырлары марапатталды

Тіл жанашырлары марапатталды

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шара өтті. Ауданымызда ана тілінің шоқтығын биік көтеріп, қоғамда да, отбасында да, жұмыс орнында да тіл саясатын жүргізуге ат салысып келе жатқан бір топ қызметкерлер марапаттауларға ие болды Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының, Аудан әкімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан берілген алғыс хаттарды алғандар қатарында Халықтық «Торыатбасы» фольклорлық ансамблінің музыкалық жетекшісі Айдос Исекенов,  Халықтық «Шаңырақ» театрының режиссері Жалғасбек Мырзагереев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Нұрлыбек Қайыржанов, Шыңғырлау  және Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектептері директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айнұр Сұлтанғалиева мен Алмагүл Қажғалиева бар. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа ана тіліміздің бай мұрасын насихаттап, әр сабағын ұлт жанашыры ретінде ұлттық мұраға негіздеп өткізіп келе жатқан Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мариям Иралиева мен Шахиджамал Боранбаева да марапатқа лайық деп табылды.  Осындай құрмет аудандық  кітапханасының кітапханашылары Галина Гончарова мен Мөлдір Жайымоваға, Л. Қылышев атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Құралай Алпысбаеваға да көрсетілді.

 Аудан көлемінде ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ана тіліміздің бәсін көтеріп жүрген ауылдастарымыздың қандай да құрметке лайық екендігін шара барысында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова ерекше атап өтті.

                                                                                            Назым АЙҚЫН

Шыңғырлау ауданы