1.09.2020, 16:34
Қараулар: 34
Тыл ардагерлерін марапаттады

Тыл ардагерлерін марапаттады

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу — қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Бүгін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғұсман Жұмағазиевпен тыл ардагерлерінің отбасыларына барып Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толу мерейтойымен құттықтады. Алдымен ұзақ жылдар медицина саласында еңбек еткен Шыңғырлау ауданының «Құрметті азаматы», тыл ардагері София Үмбетоваға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Сондай ақ, аудан әкімінің Алғыс хатымен К.Асқаров, З.Самарцева, З.Душаханова, Е. Тарановаларды марапаттап, қарияларға ұзақ ғұмыр, денсаулық тіледі.
Құрметке бөленген ардагерлер аудан басшыларына ризашылықтарын білдірді.
Б.Баймағамбетова