29.02.2020, 10:19
Қараулар: 934
Талпынғанға қолдау бар  

Талпынғанға қолдау бар  

 

Жұмыссыздық мәселесі қай-қай жерде де орын алары шындық десе де мемлекетіміздің қаржылай қолдауы арқасында бұл мәселенің де түбегейлі шешілуіне нақты негіздер бар. Жыл өткен сайын ауыл тұрғындарын қайта оқыту, кәсіпкерлікке бейімдеу, өз ісін ашуға үйрету бағытында курстар ұйымдастырылып, бизнесін алып жүре алатындарға және өзі ойлаған қажетті, бизнес жобасын қорғағандарға гранттар берілуде. Ал шаруашылық субьектілерінің дамуына, кәсіптерін одан әрі гүлдендіруге де қомақты несиелер жұмыс істеуде.

Қаражат бар,тек ынта болса,құба-құб…

Тарқатып айтар болсақ, ауданға талай қаражат несиеге берілген. Ауданымызға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-202» бағдарламасы негізінде 2019 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 164,3 млн теңгеге 53 жоба қаржыландырылған. «Аграрлы несие корпорациясынан» «Шыңғырлау НС» ЖШС-нен, «Іскер» бағдарламасы арқылы 9 жоба 42 млн 780 мың тг., «Батыс Финанс» МҚҰ-нан, «Іскер» аясында 1 жоба 5 млн.тг., «Альфа Транс» МҚҰ-нан «Іскер» аясында 1 жоба 6 млн.тг., «Қаратөбе» НС-нен «Іскер» аясында 1 жоба 6 млн. теңге несиелендірілген. Барлық 65 жобаның құны 224 млн 80 мың теңге көлемінде. Осы айтылған қаражат дұрыс жұмсалып, әр кәсіпкердің жұмыс көзін ашып, әрі аудан экономикасына жұмыс істететіндей жағдай жасаса дейді осы жұмыстың басы-қасында жүрген мамандар.

Елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында үлкен бетбұрыс байқалады.  Аты айтып тұрғандай  ауылдан табылатын шикізатты пайдалану арқылы өндіріс ашып, немесе шағын бизнеспен айналысу көпшілігінің ойында. Тек шығыны аз, қоршаған ортаға зияны жоқ тиімді болса ғана. Аталмыш бағдарлама арқылы ауданымызда 6 жоба құпталған. Нәтижесінде  329 млн 400 мың теңге несие беріліп, нақты жемісі күтілуде екен. Ал,«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы арқылы өз ісін кеңейтуге талпынғандар 30 млн. теңге несие алып, қарекет қылуда.

Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 78 адамға 38 млн. 127 мың 500 теңге сомасында мемлекеттік грант беріліпті. Айта кеткен жөн, бір қуантарлығы сол — грант иегері болып, 15 отбасы 505,0 мың теңгеге қолдары жетіп, өз істерін ашуға талаптанып отыр. Соның ішінде көп балалы  15 отбасы,  9 мүгедек қаражаттың  пайдасын көріп, өз алдарына іс жасауда. Аудан көлемінде 34 жұмыссыз жүрген жастар да   шағын гранттың игілігін көруде. Өзге де категориялар бойынша 252,5 мың теңгеге — 5 грант берілген.

Міне, ынталанған жандарға қолдаудың түрі осындай. Демек, уақыт өте келе ауылда отырып, жұмыс жоқ дейтіндер болмасы анық. Лайым солай болсын!

 А.МУСА