3.09.2020, 17:49
Қараулар: 32
«Таза бейсенбі» өтті

«Таза бейсенбі» өтті

Бүгін, 3 қыркүйек күні  Шыңғырлау ауылының орталығында «Таза бейсенбі» сенбілік шарасы  ұйымдастырылды. Оған ауданның  барлық мекеме-ұжым қызметкерлері мен мамандар, жастар көптеп қатысты.

Сенбілікте аудан орталығындағы үлкен көшелердің бойы қағаз, пластикалық ыдыстардан, ағаш кесінділері мен қоқыстардан тазартылды.

 

Сенбілікке қатысушылар көше бойындағы жүргіншілерге насихат жұмысын жүргізуді де ұмытпады.

Ауылымыз, көшеміз таза болсын десек баршамызда тазалық мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайық!

Айслу Арыстанова