11.11.2020, 18:18
Қараулар: 164
Партия қатары жаңа мүшелерімен толықты

Партия қатары жаңа мүшелерімен толықты

Қазақстан атты еліміздің, Тәуел­сіздік атты басты құнды­лы­ғы­мыздың си­но­ни­міне айналған Тұң­ғыш Прези­дентіміз Нұрсұл­тан Әбіш­­ұлы Назар­баевтың тәуелсіздік жолында атқарған істері мен ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. Елба­сы­ның тәуелсіздік туын қолға ұста­ғалы бері әлем алдындағы, еліміз халық­тары алдындағы көр­се­тіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты қайран қалдырады.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, ел сенімін арқалаған сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланған болатын. Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы — Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы, «еуразияшылдық» идеясының тұжырымдамасын енгізу сынды еліміздің стратегиялық даму бағдарламалары халықаралық деңгейде мемлекеттің абыройын асқақтата түсті. Елбасының алғыр да көре­­ген, ойы озық мемлекет бас­шы­сы, әлемдік деңгейдегі кемел саясаткер екендігін тағы бір мәрте дәлелдемек.

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында  шара өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Бәйтенова партия қатарына өткен мүшелерге онлайнт-трансляциямен партия билеттерін салтанатты түрде табыс етті.

                                                               Гүлім ШЫНТАС

Шыңғырлау ауданы