24.08.2020, 17:49
Қараулар: 42
Онлайн қабылдаулар өтті

Онлайн қабылдаулар өтті

 Жуырда 30  тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «Ата заң аптасы» республикалық акциясы аясында құқық қорғау органдары онлайн қабылдаулар өткізді. Аудандық сот  төрағасының міндетін атқарушы Әсел Маженова, аудан прокуроры Марат Ищанов,  аудандық полиция бөлімінің басшысының бірінші орынбасары Асхат Нысанов онлайн қабылдау кезінде аудан-ауыл тұрғындарының құқық саласына қатысты сұрақтарына жауаптар қайтарды.

Тікелей байланысқа шыққан тұрғындар құжаттарды рәсімдеу, алимент өндіру, сату-сатып алу жөніндегі кейбір түйткіл тұстар, жеке меншік нысандары төңірегіндегі келісімдер туралы  сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Бүгін осындай қабылдауды Шыңғырлау аудандық билер кеңесінің  төрағасы Сабыр Сәмиев жүргізді.

Карантин шаралары әлі де сақталып тұрған шақта мұндай тікелей байланысқа шығу, сұрақ қойып-жауап алу өте тиімді болғанында сөз жоқ.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы