11.12.2019, 17:00
Қараулар: 482
Округтердегі кездесулер

Округтердегі кездесулер

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Алмаз және Ақшат ауылдарында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Ауыл халқы үшін арнайы ұйымдастырылып отырған ашық әкімдікке аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов және аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Ашық әкімдікке келген ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын сала мамандарына қойып, оларға тиісті жауаптар мен кеңестер берілді. Жалпы екі ауылдық округ тұрғындарынан осы кездесулерде 40-тан аса сұрақтар мен өтініштер түскен. Сұрақтардың басым көпшілігі жеке кәсіп ашу, жұмысқа орналасу, жол мәселесі және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша болды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Е.Тұрмағамбетов Алмаз және Ақшат ауылдарындағы сауда-саттық дүкендеріне барып, күнделікті қажетті тауарлардың бағаларымен танысты.

Өз тілшімізден