6.12.2019, 15:18
Қараулар: 530
Мал қыстағы — жауапты науқан

Мал қыстағы — жауапты науқан

Шыңғырлау ауданы бойынша 8 ауылдық округтерге қарасты 48 мал қыстағы тіркелген. Қыстақтарда мал қыстату науқанына әзірлік ойдағыдай. Көпшілігі электр жарығымен қамтамасыз етіліп,  отын -суымен қамтылған. Осы науқанда  31693 ірі қара, 42430 қой мен ешкі, 6253  жылқы, 58 түйе қыстаққа тұрмақ. Төрт түлік малды  шығынсыз қыстатып, көбейту бағытында жұмыстанған  шаруа құрылымдарындағы тынымсыз жандар жаз бойы 72594 тонна  мал азығын дайындап алған. Бүгінгі таңда барлығы да қажетті деген жемді қол жетер жерден  сатып алып, қор жасақтаған. Ауа -райының  әзірге жаңбырсыз, қарсыз болуы  малдың әлі де далада жайылуына  жағдай туғызып отырса,  күннің ашықтығы  қыстақтарға жол қатынасының қалыпты болуына сеп.

А.Муса