6.12.2019, 15:16
Қараулар: 543
Малың қараусыз қалмасын, ағайын!

Малың қараусыз қалмасын, ағайын!

Жадыраған жаз, қоңырсалқын күз өз орынын қытымыр қысқа ұсынды. Ауыл-ел түлігін түгендеп, қорасына байлап алды. Бірақ, шаруаға шорқақ кей ағайын малын көшеге, не далаға айдап салып, алаңсыз үйінде отыр. Бағусыз мал көшенің талын қажап немесе мұз жапқан өзендерді жағалап, су таппай сенделіп жүр. Қарап тұрсаң, мал үрметіне обал, тіпті. Ызғырық аязға бүйірін тосып, бүгежектей ыққан малды көру аянышты.
Жуырда Қарағаш ауылы маңынан 3 бас ірі қара суға түсіп, қатып қалған жерінен табылды. Иә, мұз астынан шықты. Алмаз ауылында да 2 бас жылқы осындай жағдайда табылды.
Иелері малын келмеген соң ғана іздейді ғой, баяғы… Бірақ, олар әлдеқашан суға батып болған.
Қыс келді, малыңызды мүйізінен байлап, ноқтасын мықтап байлап алыңыз, ағайын! Алты ай жаз мойның бос жүрдің ғой, енді адал малыңа еге болсаңшы, ырыздығыңды суға ағызып, желге ұшырмай…!
Б. Елесбаев,

Шыңғырлау АПБ-ң ЖПҚ УПИ полиция полковнигі