3.03.2020, 10:51
Қараулар: 816
Латын әліпбиіне көшу-тілдік жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу-тілдік жаңғыру

Тіл-адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Оны өзге де механизмдер секілді қоғамның дамуы үшін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет. Осы орайда әліпби таңдау аса маңызды. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды.

Мемлекет басшысы қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе өзінің салиқалы шешімін айтты. Бұл қадам дер кезінде, барлық жағдаяттар ескеріле отырып жасалды.

Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл-еліміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу-халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін.

Республика Парламентінің Мәжі­лі­сінде «Мемлекеттік тілдің латын гра­фикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» өткен тыңдау Пар­ламенттің өз сайлаушыларының көңіл күйін, еліміздің еге­мендікті бекітуге деген арман-тілегін жақсы білетінін көрсетті. Мәжілістің отырысында «Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші-латын жазуына көшу» деп атап көрсетіліп, бұл қадамның әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор екеніне назар аударылуы соның тағы бір жарқын дәлелі.

Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасына баршамыз қолдау білдіргеніміз жөн. Өйткені, өзіміз таңдаған, өзіміз сенім артқан Елбасының әрбір бастамасы халық үшін аса маңызды.

А. ЕРМҰХАНОВ,

Ақшат ауылдық округі әкімшілік аппаратының бас маманы