30.01.2020, 16:22
Қараулар: 153
Кәсіпкерлермен кездесті

Кәсіпкерлермен кездесті

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов ауданымызға арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Басқосу барысында БҚО кәсіпкерлер палатасының Шыңғырлау ауданындағы филиалының директоры Бақтығали Нармағабетов 2019 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Бақтығали Өтепқалиұлы өз баяндамасында өткен жылы Шыңғырлау ауданындағы филиалымен 56 жоба жүзеге асырылып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 232 адам және «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде «Жас кәсіпкер» жобасына 46 адам оқытылғандығын хабарлады. Оның ішінде бүгінде 78 тұлға мемлекеттік гранттың иегері атанғанын атап өтті.
БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Талғатұлы кәсіпкерлерге тың ақпаттармен бөлісіп, аудандық кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Анар Сағи