17.02.2020, 10:26
Қараулар: 164
Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов ауданымыздың беделді азаматтары-аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұржанов Боранбай Қанғалиұлы мен Ардақ ауылдық округінің әкімі Уржанов Самиғолла Якупұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Ержан Рысжанұлы қос зейнеткеріміздің саналы ғұмырларында халыққа қызмет етіп, ауыл тұрғындардың әл-ауқатының ұдайы жақсаруына және ауданымыздың дамыту жолындағы еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. Сөз барысында ағаларымыздың зейнеттік демалыста қоғамдық шаралардан алыстамай, аудан өміріне етене араласуға шақырды.

Боранбай Қанғалиұлы 1978 жылы Белогор совхозының зоотехнигі мамандығынан бастап, 42 жыл қатарынан өңіріміздің ауылшаруашылық саласында, ауылдық округ әкімі, бөлім басшысы қызметтерінде жемісті еңбек еткен жан. Самиғолла Якупұлы да 1976 жылы еңбек жолын Чиликский совхозының веттехнигі мамандығынан бастап, абыройлы қызметінің нәтижесінде ауылдық округ әкімі лауазымында ұзақ жыл жасап келген азамат.

Өз кезегінде әріптестер Боранбай Қанғалиұлы мен Самиғолла Якупұлына жемісті атқарған жұмыстары үшін алғыстарын айтып, шаттыққа толы ғұмыр тіледі.

Соңында зейнеткерлер өздеріне көрсетілген құрметтері үшін бірнеше жыл бірлесіп қызмет атқарған әріптестеріне алғыстарын білдірді.

Аман Ізмұхан