29.09.2020, 10:42
Қараулар: 44
Жұмыс жүйелі жүруде

Жұмыс жүйелі жүруде

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық бастауларына, мемлекеттің барлық конституциялық негіздеріне қауіп төндіретін  кесел, сондықтан оған қарсы күресті жалпыұлттық деңгейде жүргізу  Президентіміздің  халыққа жолдаған  Жолдауынан тыс қалған  емес. Соның негізінде елдегі әрбір мемлекеттік орган және әрбір мемлекеттік қызметкерлердің қызметі адалдық, жариялылық, әділдік және айқындылық негіздерінде құрылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті деп көрсетілген. Осыған байланысты елімізде қоғамдағы жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың осы мәселені үнемі назарында ұстауының және нақты тапсырмаларының нәтижесінде елімізде бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес біршама жетістіктерге  жетуде. Дегенмен, жемқорлық өзін-өзі тудырушы құбылыс. Оның түп-тамыры әлеуметтік өмірдің өзімен сабақтас жатыр. Жемқорлықпен күрес-тек мемлекеттің ғана емес, тұтастай қоғамның міндеті. Жемқорлықтың тарауына және туындауына шектеу қоюдың  жалпы ұлттық фундаменталды тұрақты негізін қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр. Осы шектеулер ұзақ мерзімді тарихи болашаққа жоспарлануы тиіс. Сондықтан еліміздің барлық аймақтарындағы азаматтық қоғамның барлық ізгі күштерін осы бір маңызды қоғамдық мәселені барынша тиімді де нәтижелі шешуге жұмылдыру мәселесі өзекті бола түсуде.

Әр отбасында «өз нанын адал табуға» үйрету, сенім телефондары  мен қауырт желілерге  хабарласу, орын алған заң бұзушылықты жасырып қалмау, жұмысы сыбайлас жемқорлықпен  күресуге бағытталған  тиісті мекемелерге жүгіну- тек бірлесе, қоғам болып  біз бұл  құбылысқа тоқтау қоя аламыз.

Айгүл ДЖОЛАМАНОВА,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы