10.09.2020, 16:47
Қараулар: 23
Жол қауіпсіздігі сақталуы үшін

Жол қауіпсіздігі сақталуы үшін

Балалардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында. Қазір мектептерде сабақ басталған шақта балалардың жолдан өтер кезінде, жалпы көшедегі қауіпсіздігін сақтау тек ата-аналардың ғана емес, көлік жүргізушілерге де тікелей байланысты. Жол тәртібін сақтау, көлік қозғалысын қадағалау сияқты жәйттарды түсіндіру мақсатымен ауданда шара өтті. «Абайлаңыз-балалар!» жедел алдын алу іс шарасы аясында Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп сыныптарына барған полиция қызметкерлері балаларға жолдан өткенде сақ болуға, көліктер келе жатқанда сақ болуға шақырды.

Мектептен шыққан балаларды күтіп алу ата-аналардың міндеті болса, көлік жүргізушілер де балалардың жолдан өтуіне тікелей жауапты болулары керек.

Назым АЙҚЫН