17.11.2020, 11:46
Қараулар: 27
ЖОЛЫҢ БОЛСЫН – ЖАС САРБАЗ!

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН – ЖАС САРБАЗ!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың  ұйымдастырумен  «Жолың болсын, жас сарбаз!» атты әскерге бара жатырған жастармен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге жастардың бойына рух беріп, Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Дулат Кенжебаев мен Шыңғырлау шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Нұрәлі Оспанәлиев қатысты. Сонымен қатар Ақтау қаласына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғаныс күштері әскерлері қатарына Отан алдындағы борышын өтеуге кетіп бара жатырған Нұрғали Сабыров пен Аян Ермұханов қатысқан болатын. Болашақ жауынгерлерге өзінің борышын өтеп келген Ақшат ауылының тумасы Арман Тулепов әскери өмір туралы өз әсерімен бөлісті. Жас жауынгерлерге әскерге бару әрбір қазақ азаматының борышы екенін,  ата-анаға деген сағынышын, жүрегі «Қазақ» деп соққан әр жауынгердің Отанын қорғауға міндеттті екенін жеткізді.

Жас сарбаздардың арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтар қатарын толықтырып, әскери борыштарын абыроймен орындап келуге тілектеспіз.                            
Ақманар АЙДЫНҒАЛИЕВА,

«Шыңғырлау жастары» ЖҚБ төрайымы