18.09.2020, 17:17
Қараулар: 58
Жолдау кеңінен талқылануда

Жолдау кеңінен талқылануда

Ауылдық округтерде және мекеме, бөлімдерде санитарлық талаптар ескеріле отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы кеңінен талқылануда. Әр мекеме Жолдаудан туындарған тапсырмаларды талқылай отырып, өз қызметтеріне қатысты тапсырмаларға баса назар аударды. Мәселен, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Э.Тағаниязова «Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы білім беру мекемелерінде кеңінен талқыланды. Әсіресе, 1 қыркүйек – білім күні халыққа жол тартқан Жолдауда білім саласы туралы кеңінен айтылғандығы баршамызды қуантты. Жолдаудың «Қол жетімді әрі сапалы білім» атты тарауында әлемді жайлаған коронавирус індетінің білім жүйесіне тигізген кері әсерін оңтайлы шешуге тапсырмалар беріліп, көптеген сауалдарымызға ұстаз ретінде де, ата-ана ретінде жауабымызды алдық» дейді.

«Біздің ұжымда да Президенттің Жолдауы талқыланды. Жолдауда алдымызға  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету; ауыл тұрғындарының табысын арттыру; еңбек өнімділігін көбейту секілді тапсырмалармен қатар шағын және орта бизнесті қолдау, т.б. міндеттерінен туындайтын мәселелерді аудан көлемінде қалай жүзеге асырамыз деген бағытта арнайы жоспар құрудамыз» дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Р.Еслямов.

Еліміздегі карантиндік шараларды ескере отырып, тек қана шектеулі адамдардың басқосуымен өткен жиындар әлі де жалғасын табуда.

 

Аман ІЗМҰХАН

Шыңғырлау ауданы