25.11.2020, 15:19
Қараулар: 128
Жемқорлықпен күрес-жалпыға міндет

Жемқорлықпен күрес-жалпыға міндет

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп — қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және жемқорлыққа жол бергендерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Шыңғырлау АПб басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді жоспарлы түрде назарда ұстап келеді. Бұл бағытта ҚР ІІМ 2019 жылғы 2 тамыздағы №630 бұйрығымен бекітілген ІІО-дағы жемқорлықпен күрес жоспарын басшылыққа алып отыр. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейте түсу, оның алдын-алу және осы бағыттағы жұмыстарды талқылап отыру мақсатында тоқсан сайын жеке құраммен отырыстар өткізіліп, жасалған жұмыстардың есебі тыңдалып отырылады.
Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлар тарапынан азаматтарды заңсыз ұстауды болдырмау мақсатында олардың АПб-не әкеліну уақыттары белгіленіп, шығарылу уақыты да жедел кезекшілер тарапынан жіті қадағаланып отырылады. Сонымен қатар, жол полициясы тарапынан да жүргізушілерге заңсыз қысым көрсету фактілерін болдырмау мәселесі қатаң бақылауға алынған. Бұдан да басқа жеке құрамның әрбір қызметкерімен азаматтарды бопсалау, пара алу жағдайларының орын алуына жол бермеу мақсатын үнемі нұсқамадан өтіп отырады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында АПб-де атқарылған осындай жұмыстарды баяндай келе, аудан тұрғындарына арыз-шағым, ұсыныстар мен өтініштеріңіз болса, сонымен қатар лауазымды тұлғалар тарапынан құқықбұзушылық фактілеріне куә болсаңыздар БҚО сенім телефондары (1402:, 505431; 984568; 98-45-12) немесе Шыңғырлау АПб-нің келесі байланыс телефоны нөмірлері ( 102; 33-639) арқылы байланыса аласыз.
Жемқорлықпен күрес-халықтық сипатта жүргізілуі тиіс. Сондықтан, мұндай қоғам дертімен көп болып күрессек жеңіске жетеміз.
Н.Маматов,
Шыңғырлау АПб АжҚҚАБт
инспекторы полиция капитаны