27.11.2019, 18:51
Қараулар: 540
Жаңа форматтағы ӘАК және электронды партал 

Жаңа форматтағы ӘАК және электронды партал 

Жуырда,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы басшысының орнбасары  Ділдаш Искакованың қатысуымен жиын өтті. Оған аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов жетекшілік етіп, ауылдық округ әкімдері, бас мамандары және әлеуметтік қызмет, өзге де сала мамандары қатысты. Жиын мақсаты — атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндіру. Осы жиында  мүмкіндігі шектеулі жандардың эклектрондық партал қызметін пайдалану туралы да нақтыланды.

Облыстан келген Ділдаш Искақованың айтуынша әлеуметтік көмек алатын жандар үшін алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті құжаттардың қазірден жиналуы қажет. Себебі әрбір өтінім сол берген уақыттан бастап тіркелмек және ақша да сол күннен бастап тағайындалмақ. Көмек тағы да шартты және шартсыз деп бөлінбек. Сонымен қатар әрбір  ӘАК алушының мекен-жайы қазірден нақтыланбақ. Сонымен қатар  электронды порталдың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тиімділігіосы жиында  айтылды. Мысалы  демалыс — сауықтыру орындарына бару үшін бұрынғыдай айлап күтпей -ақ құжат жимай –ақ сол порталға  өз ұсынысын тіркетіп, баратын жерін өзі таңдап, қаражаты өзіне тиімді орынды таңдауға мүмкіндік алмақ. Оның үстіне  қажетті көмек құралдарын да осы партал арқылы алмақ.

А.Муса.